«Кондиционерден қаза болмады»: Астанада көз жұмған фельдшердің өлімі жайлы тың дерек айтылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
394

Көпке танымал заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында Астанада көз жұмған фельдшерге қатысты жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы жазды.

Заңгердің сөзінше, фельдшердің қаза болуына кондиционер емес, қасбеттегі кірпіштердің құлауы себеп болған.

“Істі бұрмалау кімге қажет болған? Бұл сұрақ бәрімізді ойландыруы керек. Оқиға орнына барып, куәлерден жауап алып, барлық деректі жеке зерттегенімде, бір нәрсе анық болды: Ұлдананың қазасы кондиционерден болған жоқ. Шын мәнінде, оның өмірін қиған – ғимараттың қасбетінде тұрған кірпіштердің құлауынан болған”, – деп жазды ол.

Ол қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, салғырттық және жауапкершіліктен жалтару адам өліміне әкеп соқтырғанын жазды.

“Бұл – кездейсоқтық емес. Бұл – қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, салғырттық және жауапкершіліктен қашудың салдары. Біреулер бұл істі жауып, кінәні басқа жаққа аударуға тырысқан сияқты. Бізге жалған ақпарат емес, шындық керек.  Біз үнсіз қалмаймыз. Біз Ұлдана үшін, оның отбасына әділдік орнату үшін соңына дейін барамыз. Әділдікке қол жеткіземіз. Шындықты талап етеміз. Сіздердің қолдауларыңыз Әділет бауырымыздың әділеттікке жетуіне септігін тигізеді”, – деп жазған ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленованың қарамағында бала қалмады,...