Білім жүйесінде өзгеріс: ҰБТ форматы жаңармақ

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
738

Қазақстанда ҰБТ жүйесін жаңарту жоспарлануда екенін вице-премьер Аида Балаева айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Еңбек нарығындағы өзгерістер мен білім беру саласындағы жаңа трендтер ҰБТ жүйесіне түзетулер енгізуді талап етеді, деп мәлімдеді Балаева.

Педагогикалық жоғары оқу орындарына түсу кезінде іріктеудің гибридті жүйесі енгізіледі: ҰБТ-мен қатар талапкерлер ауызша емтихан тапсырып, олардың сыни ойлау және коммуникациялық дағдылары бағаланады.

Admissions Insight Test деп аталатын жаңа тест енгізу жоспарлануда. Ол халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленіп жатыр.

ҰБТ-ны грант конкурсына қатысу үшін бір реттік соңғы емтихан ретінде тапсыруға көшу мәселесі қарастырылуда. Foundation (дайындық бағдарламалары) арқылы шартты түрде оқуға қабылдау жүйесінен бас тарту ұсынылуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...