«Тука қыз зорлап, соттала жаздаған»: Бауржан Ибрагимов өз шындығын айтты

коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
156

«Бауыржан шоу» театрының жетекшісі Бауыржан Ибрагимов «Talklike» бағдарламасында Нұржан Төлендиевке (Тука) қатысты ел арасындағы қауесеттің нүктесін қойды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Халық арасында оны «Ибрагимов 35 мың доллар беріп, түрмеден алып қалған» деген әңгіме тараған еді.

Актер ақша бергенін жоққа шығарды, бірақ Туканы арашалап алғанын растады:
«Мен қорғап алып шыққаным рас. Оны зорлады деп айыптаған қыздың ақша бопсалаумен айналысатын бәле екенін білдім. Тука соның құрығына түсіп қалған. Қызды әуежайға қашып бара жатқан жерінен ұстап алып, арызын қайтарып алғыздым. Өнердегі бауырым, жақсы актер болғасын алып қалғым келді», — деді Ибрагимов.

Еске салсақ, осыдан бірнеше жыл бұрын Нұржан Төлендиев «қыз зорлады» деген дауға ілігіп, кейін бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда автобус жүргізушісінің денсаулығы жол үстінде күрт нашарлап, ол көлік тізгініне ие бола алм...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар облысындағы Баянауыл ауданында дала өрті тікұшақтың көмегімен сөндірілді, деп хабарлады M...