Маңғыстаудағы әскери қызметшілердің қазасы: тергеу күдіктілерді анықтады

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1226

Каспийде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты немқұрайлылық танытты деген күдікке ілінгендер анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тергеу нұсқасы бойынша, лауазымды тұлғалар ауа райы жағдайын ескере отырып, қажетті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпеген және құтқару жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмаған. 

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты іс бойынша қызметіне немқұрайлы қарады деген күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталды. Тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Тергеу мәліметінше, күдікке ілінген тұлғалар ауа райы жағдайларын ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қажетті шараларды қабылдау бойынша тиісті бақылау жүргізбеген.

Сондай-ақ тергеу құтқару жұмыстарының тиісті деңгейде ұйымдастырылмағанын анықтаған. Соның салдарынан адамдар қаза тапқан. 

Тергеушілер оқиға болған жерді қарап, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алды. Сонымен қатар құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленді.

Қылмыстық іс бойынша 12 сараптама тағайындалды. Тергеу барысында болған оқиғаға толық құқықтық баға беріліп, барлық күдіктіге қатысты тиісті процестік шаралар қабылданады.