Маусым айында қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
992

Маусым айында Қазақстанда мемлекеттік мерекелер қарастырылмаған. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін азаматтар 8 күн демалады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Электрондық үкіметтің» ресми сайтындағы мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, маусымда елде мемлекеттік мерекелер жоқ. Осыған байланысты қосымша демалыс күндері де болмайды.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар сенбі және жексенбі күндері қосқанда жалпы 8 күн демалады. Ал алты күндік жұмыс кестесімен еңбек ететіндерге 4 демалыс күні беріледі.

Сонымен қатар мамыр айында қазақстандықтарды тағы бір қосымша демалыс күні күтіп тұрғанын еске саламыз. Себебі 27 мамыр Құрбан айт мерекесінің алғашқы күніне сәйкес келеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінде жасанды интеллект технологиясы қарқынды дамып, адам өмірінің көптеген саласына еніп келеді....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәскеуде дәрігерлер 250-ден астам магнитті шарик жұтып қойған екі жасар қыздың өмірін сақтап қалды,...