Жамбылда қатты желден ағаштар құлап, жарық пен газ өшіп қалған

Фото: sputnik aitady

ЖАҢАЛЫҚТАР
978

Жамбылда қатты желден ағаштар құлап, жарық пен газ өшіп қалған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Рысқұлов ауданында екпінді жел болып, салдарынан 7 елді мекендегі 25 нысанның  шатыры бүлінген. 

Оның ішінде 8 әлеуметтік нысан бар. Сондай-ақ 13 елді мекенде электр жарығы сөніп қалды, 3 елді мекенде газ өшті. 

Қазіргі таңда электр жарығы мен газды қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. 

Зардап шеккен тұрғындар жоқ.