«Әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырды». Тоқаев өзін блогер санайтын белсенділерді...
«15 жерден пышақ салған»: 31 жастағы әйел үш жастағы баласың денесін машинада сақтаған
Сурет ашық дереккөзден алынды
Словакияның Спишска-Бела атты шағын қаласында елді дүрліктірген жантүршігерлік оқиға орын алды. Психикалық ауытқулары бар 31 жастағы әйел өз үш жасар ұлын өлтіріп, кейін баланың денесімен полицияға өзі келген, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Бұл туралы Oxu.Az жариялады.
24 маусым күні жергілікті полиция бөлімшесіне жас әйел келіп, шошытатын мәлімдеме жасады. Ол құқық қорғау органдарына өз баласын өлтіргенін айтып, баланың денесі оның көлігінің жүксалғышында екенін көрсетті. Оқиға орнына келген полицейлер баланың жансыз денесін тапты. Оның денесінде көптеген жарақаттар болған.
Алдын ала тергеу деректеріне сәйкес, әйел баласын қаладан сәл әрірек орналасқан орманға алып барып, пышақпен көптеп жарақат салып, қатыгез түрде өлтірген. Сот-медициналық сараптама ұл баланың іш аймағынан кемінде 15 жарақат табылғанын көрсетті.
Тергеу барысында күдікті өз әрекетінің себебін түсіндірді — ол әлеуметтік қамсыздандыру қызметі баласын тартып алуға ниетті екенін білген. Ұлымен айырылғысы келмеген әйел осындай қорқынышты қадамға барғанын айтты.
Тергеу барысында әйелдің саңырау-мылқау екені және ауыр психикалық сырқатпен ауыратыны анықталды. Оқиғадан біраз уақыт бұрын ол психиатриялық клиникадан емделіп шыққан. Бұл жайт оның есі дұрыстығын және болашақ тағдырын анықтауда басты фактор болуы мүмкін.
Словакия полициясы бұл оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Әсіресе, психикалық ауруы бар әйелдің неге бақылаусыз қалғаны және неге бала тәрбиелеуге мүмкіндігі болғаны ерекше назарда.