Трамптың қонақүйінің алдында Tesla жарылды

Фото: ABC News

ЖАҢАЛЫҚТАР
1750

Трамптың қонақүйінің алдында Tesla-ны жарып жіберген арнайы жасақтың сержанты, 37 жастағы Мэттью Ливелсбергер жарылғыш құралды жасау үшін ChatGPT-ді қолданған, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

АҚШ-тың тәртіп сақшыларының мәліметінше, сержант жарылғыш затты жасау туралы ақпаратты ChatGPT-ден жинап шыққан. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Біз жасанды интеллект ерте ме, кеш пе бәріміз өмірімізді түбегейлі өзгертетінін білеміз. Менің ойымша, бұл Америка Құрама Штаттарында ChatGPT арқылы жарылғыш затты адамзатқа зиян тигізу үшін жасалған алғашқы жайт, - деді Кларк округінің шерифі Кевин МакМахилл.

ChatGPT-ді иелік ететін OpenAI өкілдері компания технологиясы жарылыс дайындау үшін қолданылғаны туралы хабарды естіп қынжылғанын айтқан.  

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...