«Фолиант» баспасы мамыр айында алғаш рет қазақ тілінде жарық көрген және қайта басылып ш...
ШҚО-да дүкен жанынан әйелдің мәйіті табылды
Фото: freepik
698
Шығыс Қазақстанда дүкендердің бірінің жанынан әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиға 4 маусымда Өскемен қаласында болды.
Облыстық полиция мәліметінше, жедел жәрдем бригадасынан белгісіз әйелдің мәйіті туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына қалалық полиция бөлімінің тергеу тобы жіберілді.
«Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», дейді полициядағылар.