Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
814

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Ақорда жазды.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытына айтарлықтай серпін бергенін атап өтті. Екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр. Әңгімелесу барысында шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті", - делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 26 қазанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істеме...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында бір жасар баланың өңешіне сырға тұрып қалған. Дәрігерлер бөгде затты арнайы меди...