Әлем тарихының қазақ даласынан басталғанының да, Нұх пайғамбар кемесінің Қазығұртқа тоқтағанының да,...
«Мен бәрін білемін»: Назым Қызайбай ешкімге айтпаған сырын ақтарды
ашық дереккөз
Танымал қазақстандық боксшы Назым Қызайбай әлеуметтік желіде естеліктерін бөлісті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Боксшы Олимпиада уақытындағы сезіндерін айтып, жазба жариялады.
"Бүгін бір сәтке өткенге оралдым... Олимпиададағы сол күн, сол сезім, сол эмоциялар. Қанша жол, қанша сынақ артта қалғанын осы суретке қарап тағы бір рет сезіндім... Бұл сурет жай ғана қола медаль емес. Бұл - сенімсіздікке, сөздерге, күмәнге берілмей өткен жолдың дәлелі. Лицензиялық турнирге дейін көп адам «жасың өтіп кетті» деді. Бірақ менің арманым үшін қанша еңбек етіп жүргенімді ешкім білмейді... Жасым жайлы, «лицензия ұта алмайды», «ұтса да бірінші жекпе-жекте ұтылады» дегендердің бәріне жауап нәтиже. Мен ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емеспін әрине, бірақ... Көп адам сенбеді. Бірақ мен өзіме сендім. Айналадағы сөз маңызды емес. Жүрегіңді тыңда. Сені сынай ма, төмендетеді ме өз жолыңнан тайма. Мен бәрін көріп жүрмін, бәрін білемін. Жай ғана өз ісімді істеп келемін. Алла маған мұның бәрін берді, себебі мен ешкімге жамандық тілемеймін. Маған жаман сөз айтқандарға да тек жақсылық тілеймін. Сен. Еңбек ет. Сабыр сақта. Нәтиже өзі сөйлейді. Ностальгия + эмоция + шындық. Әлеуметтік желі болмаса, мұның бәрін қайда жазар едік?", деді Назым Қызайбай.
Айта кетейік, Назым Қызайбай – Қазақстан бокс тарихындағы тұңғыш 3 дүркін әлем чемпионы. 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері. Жақында Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Назым финалға жолдама алған еді. 48 келінің ақтық сында ол үндістандық Минакшимен қолғап түйістірді. Алайда үш раундтың нәтижесі бойынша төрешілер шешімімен Минакши жеңіске жетті. Ал Назым Қызайбай күміс жүлдегер атанды. Осылайша оның қоржыны Әлем чемпионатының барлық жүлде қорымен толықты.