Түркістанда автокөлік пен тепловоз соғысып, адамдар зардап шекті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. О...
Мешіт қызметкері 15 жастағы жасөспірімді құрдастарының көзінше соққыға жықты
ашық дереккөз
Ақтөбеде «Нұр Ғасыр» мешітінің 38 жастағы қызметкеріне қатысты сот процесі басталды. Ол 15 жастағы жасөспірімді ұрып-соқты деп айыпталуда. Тергеу нұсқасына сәйкес, жанжалға жасөспірімнің аяқ киім ұрламақ болды деген қате күдік себеп болған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы «Криминальный Казахстан» Telegram-арнасы жазды.
Іс материалдарына сәйкес, оқиға биыл ақпан айында тарауық намазынан кейін болған. Жасөспірім бөгде адамның кроссовкасын досына көрсету үшін қолына алып, артынша оны бірден орнына қайта қойған. Алайда мешіт қызметкері оқушылар аяқ киімді ұрламақ болды деп ойлап, олардың біріне шабуыл жасаған.
Тергеу мәліметінше, ер адам жасөспірімді жерге құлатып, оның басынан кемінде алты рет тепкен. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Салдарынан мектеп оқушысы миы шайқалып, миы соғылған жарақат алған. Ол ауруханада 20 күннен астам емделіп, кейін тағы бірнеше ай бойы үй жағдайында оңалтудан өткен.
Сотталушыға «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» және «Ауырлататын мән-жайларда жасалған бұзақылық» баптары бойынша айып тағылған. Сонымен қатар айыпталушының өзі де жасөспірімдерге қатысты арыз түсірген.
Жәбірленушінің ата-анасы соттан айыпталушыдан моральдық шығын үшін 10 миллион теңге өтемақы өндіріп беруді талап етіп отыр.