Адвокат: Шерхан Аймахан жауапкершіліктен құтылудың амалын іздеп отыр

Коллаж: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
271

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта Шерхан Аймаханның жауабына қатысты жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

 Адвокаттың айтуынша, сотталушының оқиғаны аффект жағдайында жасағаны туралы мәлімдемесі – оның қорғау тактикасы. Оның сөзінше, іс материалдарындағы дәлелдерге қарамастан, Аймахан жауапкершіліктен құтылудың жолын іздеп отыр.

Адвокат сотталушының кейбір жайттарды нақты есінде сақтағанын, ал оқиғаның негізгі бөлігіне келгенде есінде жоқ  екенін айтуына күмән келтірді.

«Ол Нұраймен қалай танысқанын, қарым-қатынаста болғанын, басқа да жайттарды есінде сақтайды. Ал нақты қылмысқа келген кезде негізгі тұстарын білмеймін деуі күмән тудырады. Бұл – жауапкершіліктен құтылудың бір тәсілі деп есептеймін», – деді жәбірленуші тараптың қорғаушысы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

8 тамыз кешінде Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында Орал — Қаратөбе бағытында қатынайт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділет Зейнелдің анасы әлеуметтік желіде тараған «20 миллион теңге өтемақы ретінде берілді&raq...