Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойында Қазақстан футболшылары Бельгияға қарсылық көрсете алма...
Мақпал Жүнісова ел естімеген шындықтың бетін ашты (ВИДЕО)
ашық дереккөз
628
Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Қарағандыға жасаған сапары барысында көңілі қалған жайттарды айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.
Өнер иесі марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовпен бірге бұрын Қарағандыға келген кезін еске алып, сол уақытта көрсетілген құрметті атап өтті. Алайда бұл жолғы сапарында мұндай ілтипаттың болмағанын жасырмады.
"Зәкең марқұм билікте болғанда, Қарағандының дөкейлері осылай траптан қарсалып еді. Осы жолы барғанда біреуінің төбесін көрмедік. Ең болмағанда мәдениет бөлімінің біреуі келмеді ғой", – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі пікір білдіріп, көпшілігі әншінің сөзін қолдап отыр.