Түркістан облысында 16 жастағы қызды зорлап кейін өлтірген шетелдік азаматқа үкім шықты

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
366

Түркістан облысында 16 жастағы қызды зорлау және өлтіру жөніндегі резонансты іс бойынша сот нүкте қойды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Сотталушыға ең жоғарғы жаза — өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалды. Сондай-ақ ол қаза тапқан қыздың отбасына 50 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Телеарнаның мәліметінше, сот барысында күдікті өз кінәсін толық мойындамаған, алайда сот тергеу ұсынған дәлелдерді жеткілікті әрі сенімді деп таныды.

«Исамединовқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, сондай-ақ педагогикалық қызметпен айналысу және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленсін», — деп үкімді Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Дәурен Мадалиев оқыды.

Жантүршігерлік қылмыс биыл маусым айында Ордабасы ауданының Төрткүл ауылында болған. Колледж студенті дүкендегі жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан кезде жоғалып кеткен. Келесі күні полиция оның мәйітін балабақша маңынан тапқан.

Қылмыс жасады деген күдікпен сауда нүктесінің жанында жұмыс істеген шетелдік азамат ұсталды.

Құқық қорғаушылар тергеудің барынша ашық жүргізілуін талап етіп, бұл істің қоғам назарында болуы және тергеу барысының ашықтығы аса маңызды екенін атап өтті.

Қылмыстық іс үш бап бойынша қозғалды: «Адам өлтіру», «Зорлау» және «Зорлық-зомбылықпен жасалған жыныстық сипаттағы әрекеттер».

Сот отырысы жабық режимде өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жазушы Елдос Тоқтарбай Конституциядағы орыс тіліне қатысты норманы алып тастауды ұсынды, деп хабарла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында із-түзсіз жоғалған азаматтарды іздеу жұм...