2026 жылғы 10 қыркүйекте Алматы қаласында адалдық, қызметтік әдеп, мүдделер қақтығысының алдын алу ж...
Нартай Аралбайұлы жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Әли Ғалым
1951
Депутат Нартай Аралбайұлы жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясына президент болып тағайындалды.
"2023 жылдан бастап федерация президенті лауазымын атқарған Мұқатаев Айдос Зиядұлының қызметтен кетуіне байланысты, 2025 жылдың 28 тамызынан бастап Сәрсенғалиев Нартай Аралбайұлы тағайындалды. Сіздің бұл мәртебелі қызметке келуіңіз – еліміздегі спорт саласының жүйелі дамуына, халықаралық стандарттарға сай ілгерілеуіне тың серпін беретініне нық сенім білдіреміз", - делінген федерацияның әлеуметтік желідегі парақшасында.