Трансгендерлер Қазақстан аруы атана алмайтын болды

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1604

Трансгендерлер Қазақстан аруы атана алмайтын болды. Қанша жерден сұлу болса да, «Мисс Қазақстан» байқауына қатыса алмайды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Байқау ұйымдастырушылары осындай түсініктеме берді. 

Бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары байқауға трансгендерлер мен plus size (ірі пішімді) арулардың қатысатыны туралы ақпарат таратқан. Бұл желіде дау тудырды, кейіннен байқаудың ресми Instagram парақшасында мәлімет жоққа шығарылды. 

«Ер адам болып дүниеге келген трансгендерлердің еліміздің басты әйелдер титулы үшін жарысуы орынсыз», – деп жазды ұйымдастырушылар. 

Айта кетейік, биыл «Қазақстан аруы» байқауының финалы Алматы метросында өтеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...