Олимпиада чемпионы атанған боксшы спорттан кететінін жариялады

Фото: © Richard Pelham / Stringer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

ЖАҢАЛЫҚТАР
1496

Париж Олимпиадасында алтын алған алжирлік боксшы спорттан кететінін айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Олимпиада чемпионы Иман Хелиф гендерлік дау-дамайдан кейін спортпен қош айтысты. Бұл туралы оның бұрынғы менеджері Нассер Йесфах мәлімдеді. 

Йесфахтың айтуынша, Хелиф кәсіпқой бокста бірнеше жекпе-жек өткізуі тиіс болған, бірақ бір ғана кездесу өткізген соң, қаржылық қиындықтарға байланысты келісімшартқа қол жеткізе алмады.

Ол Ниццадан ғана емес, жалпы бокстан кетті, – деді Йесфах.

2025 жылы Эйндховенде өткен турнирге де ол гендерлік тестілеуге байланысты жіберілмеген еді. Бұған дейін IBA ұйымы Хелиф пен тағы бір спортшының «XY хромосомасы» барын айтып, жарыстардан шеттеткен. Дегенмен ХОК оларға Париж Олимпиадасына қатысуға рұқсат берген болатын. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...