Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Челахтың өлтірілгені рас па? Тың деректер

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
8900

2012 жылы «Арқанкерген» шекарасында 15 адамды өлтірді деген айыппен сотталған Владислав Челахтың өлтірілгені туралы ақпарат тарады. Алайды бұл шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

2022 жылы Владислав Челах Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, болған жағдай туралы куәлік беруге дайын екенін мәлімдеді.

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Челах Тоқаевтан өзін тыңдауын сұрады.

“Құрметті президент, көп жыл өтсе де қайғылы оқиға жайлы қайта айтуға дайынмын. Менің бар сұрарым, мені тыңдап, маған мүмкіндік берсеңіздер. Қалай болғанын айтқым келеді және бәрін айтуға дайынмын. Тергеушілерге де бәрін айтуға дайынмын. Оқиғаның қалай болғаны сол күйі ашылмай қалды, – деп жазды Челах президентке хатында.

Еске салайық, 2012 жылдың мамыр айында Алматы облысындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде 14 шекарашы мен бір қорықшының мәйіті табылды. Бірнеше күннен кейін қанды қырғынды мойындаған «Арқанкерген» шекарашысы Владислав Челах анықталды. Тергеу мәліметінше, Челах алдымен сарбаздарды атып, кейін казарманы өртеп жіберген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқиға былтыр 20 сәуірде Меркі ауылында болған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz сайтына сілтем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

24 сәуірге қараған түні Жетісу облысындағы тасжолда екі адамның өмірін қиған жол апаты болды, деп ха...