Жігер Ауыпбаевтың жазбасы желідегілерді шулатты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
888

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші аруға үйлену туралы ұсыныс жасағанын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесі сүйіктісіне сөз салған сәттен фотосуреттер жариялап, әсерлі жазба қалдырды.

«Көп адам өмір бойы өз адамын іздейді… Мен іздегенімді таптым. Бүгін жүрегімдегі ең маңызды сұрақты қойдым. Ол – “Иә” деді», – деп жазды әнші.

Алайда бұл жаңалық желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Көпшілік оның бұрынғы некесінен төрт баласы бар екенін еске салып, алғашқы отбасына қатысты түрлі пікір білдірді.

Желіде: «Өмір бойы өз адамыңды іздесең, неге бірінші әйеліңмен төрт бала сүйдің?», «Бірінші әйеліңді де сүйемін деп үйлендің ғой», «Біреудің өмірін құртып барып бақытыңды таптың ба?», «Бірінші әйеліне жаным ашиды» деген сарындағы пікірлер жазылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...