Аралда учаскелік полиция инспекторын өлтірді деген 39 жастағы күдікті қамауға алынды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
151

Қызылорда облысында учаскелік полиция инспектордың өліміне күдікті адам ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Ол Арал ауданының 39 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, Арал ауданында тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторына дене жарақаттары салынып, соның салдарынан ол қайтыс болған. Оқиға болған кезде қызметкер еңбек демалысында болған.

Полиция мәліметінше, күдікті бұған дейін отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтары үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әкімшілік хаттамаларды қаза болған учаскелік инспектор толтырған. Сондай-ақ күдіктіге қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған.

Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.