Парламентте анасын құттықтаған депутат сынның астында қалды

Фото: тікелей трансляциядан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1650

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров ресми отырыс кезінде анасын туған күнімен құттықтап сынға қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Парламент отырысында сауал жолдамас бұрын, Назаров 70-ке толған анасын  құттықтады. Анасына деген жүрекжарды лебізін ол парламент мінберінде білдірді.

Қадірлі анашым. Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің мейірімге толы жүрегіңізге және жүзіңізден төгілген нұрыңызға шомылып өстім. Әкетайым екеуіңіз құстың қос қанатындай мәңгі бірге болып, құдай бере салған немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Анашым, мен сізді жақсы көремін. Сіздің алдыңызда басымды иемін, – деді Назаров.

Депутаттың құттықтауына әріптестері қол шапалақтап қолдау көрсетті. Ал желі қолданушылары Назаровтың әрекетін сынап жатыр. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...