Павлодарда 2 мыңнан астам мектеп қызметкерінің жеке деректері желіге тарап кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
920

Павлодар қаласындағы 28 білім беру мекемесінің қызметкерлері туралы құпия ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында ашық жарияланған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Прокуратураның араласуынан кейін 2065 қызметкердің жеке мәліметтері порталдан жойылды.

Тексеріс барысында мектептердің медициналық тексеру қызметін сатып алу туралы хабарландыру жариялағанда, конкурстық құжаттамаға қызметкерлердің үй мекенжайларын, сауалнамалық деректері мен телефон нөмірлерін қоса тіркегені анықталды. Қазіргі уақытта бұл олқылыққа жол берген кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қорғаныс Министрлігі Маңғыстаудағы қайғылы жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында жаңа институттың...