Павлодарда құлаған мектеп ғимаратының астынан адамның денесі табылды

Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1170

Павлодарда құлаған мектеп ғимаратының астынан бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Облыстық ТЖД мәліметіне сәйкес, қайтыс болған адамның денесі бүгін таңғы 4:31-де үйінді астынан анықталған.

Құтқарушылардың айтуынша, кинологтардың көмегімен, арнайы авариялық-құтқару құрылғыларын және жылувизорды пайдалана отырып, ғимарат опырылғаннан кейін жоғалған ер адамның орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік болған.

Таңғы уақытта жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар оның денесін үйінді астынан тауып, сыртқа алып шықты, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...