Өнеркәсіп және құрылыс министрі тағайындалды

Фото: ҚТЖ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2048

Президент Өнеркәсіп және құрылыс министрі тағайындады, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды.

Ерсайын Нағаспаев жоғары білімді, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдады.

Мемлекеттік қызметті - 2001 жылдан бері. Еңбек жолын Теміртау қаласы әкімінің аппаратында бастады. ҚР Сыртқы істер, көлік және коммуникация министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды. Вице-премьердің кеңесшісі болды. «Ақтау халықаралық порты» РМК-да жұмыс істеді, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болды. Бұл тағайындауға дейін Шахтинск қаласының әкімі лауазымын атқарды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол-көлік оқиғасы 13 тамызда Астанадағы Түркістан көшесінде болған. Жасөспірімдердің бірі Yutong авт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ата-ананың өтінішінен кейін жүргізілген жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша Қостанай облысы...