Павлоларда банк қабырғасын бұзып кірген ұрылар іздестірілу үстінде

Фото: qazaqstan.tv

ЖАҢАЛЫҚТАР
2359

Павлодар облысының полиция департаменті белгісіз адамдардың банк қабырғасын бұзып кіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz Halyq Uniтілшісіне сілтеме жасап. 

11 қарашада сағат 09:30-да полицияға банктің бір филиалында қабырғаның бұзылғаны туралы хабарлама түсті, – делінген полиция мәліметінде.

Оқиға орнында тергеу-оперативтік тобы жұмыс істеп, мән-жай мен себептерді анықтап жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Сондай-ақ бұл жағдайға банк өкілдері де түсінік берді.

11 қарашада таңертең банкке сағат 22:00-ден 23:00-ге қараған түні белгісіз адамдардың Павлодардағы Halyk бөлімшесіне (Естай көшесі, 40 мекенжайы бойынша) кіргені туралы хабар түсті. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Halyk филиалының қызметкерлері істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстарына қолдау көрсетті, – деп мәлімдеді банк өкілдері.

Осы орайда банктің баспасөз қызметі көпшіліктен жалған ақпараттың таралуына жол бермеуді сұрады. Өйткені жалған мәлімет полицияның тергеу жүргізуіне кедергі келтіруі мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...