Бүгін Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалына жаңа басшы тағайындалды.С.Торайғыров...
Үш ер адам бесінші сынып оқушысын кезек-кезек зорлаған
ашық дереккөз
Душанбеде кәмелетке толмаған қызға қатысты ауыр қылмыс жасады деген күдікпен үш жас ер адам ұсталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы қалалық Ішкі істер басқармасы жазды.
Ведомствоның мәліметінше, Рустамджон Саидов пен Авазбек Салмониев кәмелетке толмаған қызға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Ал Иномджон Бобоназаровқа жыныстық сипаттағы өзге де заңсыз әрекеттер жасады деген күдік тағылып отыр.
Тергеудің алдын ала мәліметіне сәйкес, күдіктілердің әрқайсысы әрекетті жеке-жеке жасаған. Сондай-ақ олар жәбірленушінің бесінші сынып оқушысы әрі кәмелетке толмағанын білгені айтылды.
Қазіргі уақытта күдіктілердің барлығы қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Душанбе қалалық Ішкі істер басқармасы ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, оларды қараусыз қалдырмауға шақырды.