Петропавлда бірден үш адам сірке суын ішіп қойған

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
89

Петропавл дәрігерлері сірке қышқылынан ауыр уланумен ауруханаға түскен бірден үш науқастың өмірі үшін күресіп жатыр. Оқиғалардың барлығы алкогольдік масаң күйде болған кезде орын алған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Концентрацияланған сірке суымен улану – токсикологиядағы ең ауыр жағдайлардың бірі. Мұндайда уақыт минутпен саналады. Науқастардың бірі – 52 жастағы ер адам. Дәрігерлердің айтуынша, жедел жәрдем шақырылғанға дейін шамамен бір сағат бұрын ол алкогольдік масаң күйде 70 пайыздық сірке суының белгісіз мөлшерін ішіп қойған.

«Ер адам дауысты дерлік естімеді, тыныс алуы күрт бұзылды. Оны жасанды өкпе желдету аппаратына қосты, шокқа қарсы терапия басталып, тәулік бойы бақылауға алынды», – деп мәлімдеді медициналық мекеменің баспасөз қызметі.

Дәрігерлер науқасқа сірке қышқылынан жедел улану және ас қорыту жолдарының ауыр химиялық күйігі диагнозын қойған. Ол бес тәулік бойы мамандардың тұрақты бақылауымен жансақтау бөлімінде жатқан. Оныншы тәулікте жағдайы тұрақтанып, улану белгілерін бәсеңдетуге мүмкіндік болған. Алайда дәрігерлердің ұсыныстарына қарамастан, ер адам әрі қарай ем қабылдаудан бас тартқан.

Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде тағы екі науқас жатыр: 49 жастағы ер адам және 47 жастағы әйел. Екеуі де алкогольдік масаң күйде сірке қышқылынан уланған.

Дәрігерлер олардың өмірі үшін күресті жалғастырып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі ведомство қызметкерлерінің бірінің ұсталғаны турал...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше видеомен бөлісті, деп ха...