Петропавлда екі ер адам жас қызды зорлаған

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1465

Петропавл қаласында екі ер адам 19 жастағы қызды зорлады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға 19 сәуір күні Кизатов көшесіндегі көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерде болған.

Көршілердің айтуынша, түнгі сағат үш шамасында пәтерден шу естіліп, олар 102 нөміріне қоңырау шалған.

Полиция қызметкерлері келген кезде, пәтер есігі ұзақ уақыт ашылмаған. Алайда есік ашылғаннан кейін, үй иелері түн ортасында оятып жібергендеріне наразы болған.

Дәл сол сәтте пәтерден “көмектесіңдер, мені зорлап жатыр” деген айқай естілген. Көршілер қыздың аузын жауып, күшпен ұстап тұрған болуы мүмкін деп болжайды.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Liter.kz редакциясының сұрауына жауап беріп, 19 жастағы Петропавл тұрғынын зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

“Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 27 және 25 жастағы екі қала тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді полиция.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша референдум басталды, деп хабарлады MadeniPo...

АЙМАҚТАР

Синоптиктер 2026 жылғы 15 наурызға арналған шұғыл мәлімдеме жасады. Еліміздің басым бөлігінде көктай...