Петропавлда ер адам тұрғындарды тапаншамен қорқытқан

Сурет: Ұлттық ұлан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2730

Ұлттық ұлан офицері қарулы бұзақыны залалсыздандырды, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Абырой болғанда, әскери қызметші бұзақының қолынан қаруды дер кезінде алып қойған.

Әскери қызметші туыстарынан қайтып келе жатып, үйдің ауласында мас күйдегі кісінің өтіп бара жатқан адамдарға тапаншаға ұқсас затты сермеп тұрғанын көрген.

Офицер бұзақының қасына дереу жеткен сәтте, ол тапаншаны әскери қызметшіге бағыттады. Капитан қоян-қолтық ұрыс әдістерін қолдана отырып, жас жігітті қозғалтпай ұстап, полиция қызметкерлері келгенше жібермей тұрды.

Содан кейін ұландық оны оқиға орнына келген ішкі істер органдарының қызметтік жасағына тапсырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада арбамен келе жатқан әйел мен бес айлық баласын көлік қағып кетті. Сәби ауруханада көз жұ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 қазанда Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батыста жаң...