Медицина қызметкерлеріне тұрғын үй салынады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2376

Қызылордада медицина қызметкерлеріне тұрғын үй салынады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қызылордада алғаш рет медицина қызметкерлеріне арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Әлеуметтік жоба аясында жыл соңына дейін 100 пәтерлік көпқабатты баспана бой көтереді.

Бұл туралы аймақта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан халықаралық конференцияда айтылды. Соңғы жылдары өңірде денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне айрықша қолдау бар. Жергілікті дәрігерлер шет елдерде біліктілік арттырып, 170-тен аса резидент грант есебінен білім алуда. Енді жас мамандардың әлеуметтік жағдайына да көңіл бөлініп, баспанамен қамту мәселесі де шешімін таппақ.     

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...