Министр Жұлдыз Сүлейменованың үстінен Президентке ұжымдық арыз жолданды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
785

Өздерін Оқу-ағарту министрлігінің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері деп таныстырған авторлар Президенттен министрді қызметінен босатуды сұраған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Арызда министрлікте психологиялық қысым, жаппай кадрлық ауыс-түйіс, жұмыстан шығару қаупі, буллинг, демалыс күндері жұмысқа мәжбүрлеу, кадрлық тағайындаулар мен марапаттардың әділдігіне қатысты күмән келтірілген.

Құжатта ондаған бұрынғы басшының жұмыстан босатылғаны, бірқатар қазіргі қызметкердің тәртіптік жаза алып, жұмыстан шығарылу алдында тұрғаны жазылған.

Сондай-ақ арыз авторлары уәкілетті органдарға сенбейтінін айтып, Президенттен тәуелсіз тексеру жүргізуді, қызметкерлерді қысымнан қорғауды және Жұлдыз Сүлейменованы қызметінен босату мәселесін қарауды сұраған.

Айта кетейік, бұл арыз авторларының мәлімдемесі. Оқу-ағарту министрлігі әзірге құжатқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

ТАРИХ

Қазақстан Ұлы Дала тарихы мен өркениетін зерттеу бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты қолға алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы т...