Полиция Астананы дронмен видеоға түсірмек болған қытайлық азаматтарды тоқтатты

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
248

Астанада патрульдеу барысында туристік аймақта ұшқышсыз ұшу аппаратын (дронды) заңсыз ұшырудың алдын алынды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Туристік полиция қызметкерлері елорданың танымал туристік орындарының бірінде дрон ұшыруға дайындық фактісін анықтады. Тексеру кезінде ҚХР-дың төрт азаматы ұшқышсыз ұшу аппаратын іске қосуға дайындалып жүргені белгілі болды.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қала аумағында, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде арнайы рұқсатсыз дрон ұшыруға тыйым салынады.

Полиция қызметкерлері жедел шара қолданып, дронның ұшырылуына жол бермеді. Сондай-ақ Қытай азаматтарының Қазақстанда ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану ережелері мен шектеулері туралы хабарсыз болғаны анықталды.

«Туристік полиция қызметкерлері алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, авиациялық қауіпсіздік талаптарын, қоғамдық тәртіпті сақтау және жергілікті заңнаманы құрметтеу қажеттігін жан-жақты түсіндірді. Шетелдік туристер полиция қызметкерлеріне кәсібилігі, сыпайылығы және түсіністік танытқаны үшін алғыс білдірді», – деп атап өтті ведомствода.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...