Талдықорғанда бір күн ішінде 104 құқық бұзушылық анықталды

Фото: polisia.kz

Жаңалықтар
272

Талдықорғанда жедел жағдайды тұрақтандыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды madeniportal.kz el.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Бұл республикалық іс-шара экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алуға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтауға, сондай-ақ облыс орталығында қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Іс-шараны ауқымды түрде өткізу мақсатында Талдықорған полициясының барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

ЖПІШ аясында полиция қызметкерлері 4 мыңнан астам үйді аралап, профилактикалық және тізімдік есепте тұрған 44 азаматты тұрғылықты жері бойынша тексерді.

Азаматтық қару иелеріне ерекше назар аударылды. ЖПІШ өткізу кезінде 104 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, бұл қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетеді. Облыс полицейлері өңір тұрғындарының қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс істеуді жалғастыруда. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...