«13 жастағы бала қалай жұмысқа шықты?»: Шымкенттегі тойханада жасөспірім көз жұмған

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
172

Шымкенттегі «Алтын Мерос» мейрамханасында бірнеше ай бұрын 13 жастағы жасөспірімнің қайтыс болғаны белгілі болды. Оқиға туралы тұрғындар 2GIS қосымшасында пікір қалдырған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Желі қолданушылары Мирас есімді жасөспірімнің мейрамханада жұмыс істегенін айтып, мекеме әкімшілігін еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтамады деп сынға алған.

Шымкент қалалық полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғанын растады. Ведомство мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сараптама қорытындысы бойынша жасөспірімнің ауру салдарынан жүрегі тоқтап көз жұмғаны анықталған.

Сонымен қатар тексеру кезінде еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталып, тойхана иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық актриса, продюсер әрі режиссер Назгүл Қарабалина жеке өміріне қатысты көпшілік біле бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Полиция «Айша» сауда орталығында жаңа бутиктің ашылуы кезінде болған жаппай кептеліске қ...