18 жылға сотталған Кәрім Мәсімовтің үйі сатылымға шықты

Фото: ҰҚК

ЖАҢАЛЫҚТАР
2846

Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания Нұра ауданы, Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан жертөле қабаты бар тұрғын үйді сатылымға шығарды, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Нысанның бастапқы бағасы 1,8 млрд теңгені, кепілдік жарна – 117,9 млн теңгені құрайды. Сатылым 25 ақпан күні сағат 10.00-де өтеді. 

Үйдің фотосуреттері ҰҚК 2022 жылы Кәрім Мәсімов ұсталғаннан кейін жариялаған кадрлармен сәйкес келеді. Құқық қорғау органдары жылжымайтын мүлікті заңсыз алу фактілерін анықтады. 

Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтардағы оқиға кезінде ұсталды. 2023 жылдың сәуір айында Астанадағы сот Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті күшпен басып алуға тырысқаны, билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...