Қарағандыда 20 жастағы студент қызды көлік қағып, қаза тапты (ВИДЕО).

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
134

Қарағандыда адам өліміне әкелген жол апаты болып, оның салдарынан Бөкетов атындағы университеттің студенті қаза тапты. Қайғылы оқиға түнде Университетская көшесіндегі жатақхана қарсысында болған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2006 жылы туған бойжеткен жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған кезде оны «Лада» автокөлігі қағып кеткен. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

«23 мамыр күні Қарағандыда Университетская көшесімен келе жатқан 33 жастағы «Лада» автокөлігінің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп бара жатқан 20 жастағы қызды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Аталған факі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орны студенттер жатақханасына жақын жерде орналасқан.

Қазіргі уақытта полиция апаттың барлық мән-жайын анықтап, тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

PESTEL

Әзербайжан мен Ресей үкіметтері Ресей тарапының ұшақ апатынан қаза тапқан әзербайжан азаматтарының м...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоғамда үлкен талқыға түскен Атыраудағы отбасының жоғалуына қатысты қылмыстық істе Ақбаян Мұқанғалие...