«Ауыл әкімі түн жарымында терезеден үйге кіріп, зорламақ болды». Осылай деп әділді...
«Қатыспаймын»: Айдана Меденова «КешYOU» тобының 20 жылдық кешіне байланысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөз
«КешYOU» тобының Астанада өтетін концертіне кезінде топ құрамында өнер көрсеткен Айдана Меденова қатыспайтыны белгілі болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, концерт сахнасына Жанар Дұғалова мен Камшат Жолдыбаева шығады. Алайда көпшілік «КешYOU»-дың танымал құрамын толық көреміз деп күткенімен, Айдана Меденова бұл кешке қатыспайды.

Әзірге әншінің концертке не себепті қатыспайтыны туралы нақты ақпарат айтылған жоқ. Бұл жаңалық әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, «Айданаға не болды?», «Неліктен концертке қатыспайды?» деген сауалдар қойыла бастады.
Айта кетейік, Айдана Меденова, Жанар Дұғалова және Камшат Жолдыбаева әр жылдары «КешYOU» тобында өнер көрсетіп, тыңдарманға кеңінен танылған.