Қазақстан жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

ҰОК

ЖАҢАЛЫҚТАР
114

Жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сырықпен секіру жарысында қазақстандық Максим Балабин 5,05 метр биіктікті бағындырып, қола жүлдеге ие болды.

Бұл сайыста Катар өкілі Сейфелдин Әбделсалам 5,45 метр нәтижемен чемпион атанды. Ал Қытай спортшысы Жуй Лю 5,20 метр көрсеткішпен күміс медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар, қазақстандық бірнеше жеңіл атлет өз сайыстарында үздіктер қатарынан көрінді. Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде Мария Шувалова төртінші орын алса, Анна Шумило алтыншы болып мәреге жетті.

400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Екатерина Колода бесінші нәтиже көрсетті. Ал Анастасия Цвиркунова жарысты алтыншы орынмен аяқтады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі журналист, ақын, прозашы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қазгидромет" синоптиктері 12 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялады. Елдің басым бөлігінде қатт...