Жетісу облысында бір әулеттен 40 адам референдумға дауыс беруге бірге барды

Фото: Жетісу

ЖАҢАЛЫҚТАР
511

Балпық ауылдық округінің орталығы – Жаңаталап ауылында №147 сайлау учаскесінде таңмен таласа оянған тұрғындар дауыс беруге келді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ауыл халқы жаңа Конституцияның маңызын терең түсініп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетіп отыр, деп хабарлайды turkystan.kz 7-su.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Округтегі ерекше көріністердің бірі – Тасыбаевтар әулеті. Ортақ шаңырақтан 40-қа жуық мейман келіп, дауыс беруге қатысты. Көш басында немере-шөберелерін жетектеп келген 88 жастағы Күлбағира анамыз болды. Алтын алқа иесі, 11 баланың анасы, бүгінде 31 немере, 42 шөбере сүйген әулет мүшелері ауылда үлгі көрсетіп отыр.

Бүгін №147 сайлау учаскесінде 500-ден аса тұрғын өз таңдауын жасап, Референдумның маңыздылығы туралы пікір алмасты. Мұндай ынтымақ пен бірлік ел дамуының кепілі болып табылады. Балпық ауылдық округі соңғы жылдары қарқынды дамып келеді: жаңа нысандар бой көтеріп, жұмыс орындары көбейген, жастар туған жерге атсалысуға ұмтылып отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Биылғы 23 маусымда Шымкент қаласының соты өткен жылдың қараша айында 17 жастағы қызды күштеп алып қа...

Шоу-бизнес

Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялап, отбасындағы қуа...