Қазақстан 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
692

Ресей 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатына жолдама ала алмаған елдер арасында балама футбол чемпионатын өткізгісі келеді, деп хабарлады  МadeniPortal.kz .

Бұл туралы «Первый спорт» telegram-арнасы мәлімдеді.

«365 Scores мәліметінше, Ресей футбол одағы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеуден өте алмаған құрамалар арасында жаңа «балама» мундиаль өткізуді жоспарлап отыр. Бұл турнир келесі жазда – Америка құрлығындағы әлем чемпионатымен қатар өтуі мүмкін. Оның басты мақсаты – ФИФА-ға қысым көрсету, сол арқылы халықаралық федерацияның санкциялардың күшін жойып, Ресей құрамасын 2030 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіне қайта қосуына ықпал ету. Қатысушылар қатарында Ресей, Сербия, Грекия, Чили, Перу, Венесуэла, Нигерия, Камерун, Қытай және басқа елдер бар», – деп жазады ресейлік telegram-арна.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы J тобында іріктеу кезеңін төртінші орынмен аяқтап, 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігінен айырылған еді. Талғат Байсуфинов шәкірттері соңғы матчында өз алаңында Бельгияны қабылдап, тең нәтиже тіркеді – 1:1. Осылайша ұлттық құрама іріктеуде 8 ұпай еншіледі.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...