Көшеде тұрған бөтен көлікті жұрт көзінше тас-талқан еткен азамат ұсталды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
878

Өскеменде ер адам дүкен маңында тұрған көлікті көпшіліктің көз алдында бүлдіріп, әйнектерін сындырған. Күдікті ұсталып, іс сотқа жолданды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға кеше, яғни 2026 жылғы 22 сәуірде Беспалов көшесінде, жергілікті дүкеннің маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз азамат еш себепсіз Chevrolet Cobalt маркалы көліктің әйнектерін сындырып, кузовын бүлдірген. Әзірге оның мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз.

Құқық бұзушының жеке басы анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілген. Ер адамға «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша әкімшілік шара қолданылған, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті.

Жиналған материалдар заң талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...