Қазақстандағы университеттердің бірінің ректоры ұсталды

дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
778

Махамбет Өтемісов атындағы БҚУ ректоры Нұрлан Серғалиев ұсталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Оның жұмыс кабинеті мен үйінде тінту жүргізілді. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, заңгер Бауыржан Ахметжан хабарлады.

«Махамбет Өтемісов атындағы университет қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін университет ректоры Нұрлан Серғалиев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Оның жұмыс орнында тінту шаралары жүргізілуде.

Қылмыстық қудалауды Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр», — деп жазды Бауыржан Ахметжан өзінің Facebook парақшасында.

Нұрлан Семғалиев — облыстық мәслихат депутаты.

Ресми түрде расталмаған мәліметтерге сәйкес, оған қатысты тергеу университетке ғылымды дамытуға мемлекет тарапынан бөлінген қаражатты жымқыру күдігі бойынша басталған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Меруерт Түсіпбаева шығармашылық мамандық иелері мен блогерлердің Парламентте болуына қарсы екен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысында тұрмыстық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Есіл ауданындағы елді мек...