Алматы мен Астанадан Үржарға тікелей әуе рейсі қатынайтын болады

ЖАҢАЛЫҚТАР
2276

QAZAQ AIR 1 маусымнан бастап Алматы мен Астанадан Үржарға әуе рейстерін ашады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Абай облысы әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес QAZAQ AIR әуекомпаниясы 1 маусымнан бастап келесі туристік бағыттар бойынша маусымдық рейстерді іске қосады: 

Астана – Үржар – Астана және Алматы – Үржар – Алматы. 

Рейстер аптасына 4 рет жиілікпен жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде келесі кесте бойынша орындалады: 

Сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері: 

IQ 505 Астана (08:25) - Үржар (10:10) 

IQ 506 Үржар (14:30) – Астана (16:10) 

IQ 363 Алматы (12:40) - Үржар (14: 00) 

IQ 364 Үржар (10:50) – Алматы (12: 10). 

Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады. QAZAQ AIR жоғары халықаралық және ұлттық үшу қауіпсіздік стандарттарына сәйкес қолжетімді өңіраралық әуе тасымалын қамтамасыз етіп келеді. Мұндай бағыттарға сұраныстың артуы – ел өңірлерінің туризм мен іскерлік белсенділігінің жоғары әлеуетін көрсетеді, - делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...