«Алатау» дәстүрлі өнер театрында дәстүрлі өнер қайраткерлерінің қатысуымен әнші, күйші,...
Қазақстандық сериалдардың YouTube видеохостингіндегі танымалдығы өсуде
Ақпарат және қоғамдық даму минтстрлігінің тікелей қолдауымен жасалған «Qazaqstan» және «Хабар» телеарналарының қазақстандық сериалдары YouTube-те танымалдылыққа ие болуда.
Мәселен, қыркүйек айында «Хабар» көрермендері арнаны 14 миллион сағаттан астам уақытты «тамашалады». Бүгінгі таңда Агенттіктің видеохостингінде 8,5 миллион бірегей көрермен бар.
Youtube платформасында 5,4 миллионнан астам тіркелуші (көрермен) бар «Qazaqstan» телеарнасының да нәтижелері өте жақсы.
Айталық, «Qazaqstan» телеарнасының 100 сериялы «Замандастар» хикаясы YouTube-те 17 миллионнан астам қаралым жинады. Жалпы алғанда, платформада сериалдың барлық көріністерінің ұзақтығы 17045 сағатқа жетті. Сериалды қазақстандықтар ғана емес, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан және АҚШ көрермендері тамашалады.
Сериал ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында түсірілді. Онда қазақстандықтарға мемлекеттің Егемендік алғаннан кейінгі оң өзгерістері туралы айтылады. Басты кейіпкерлер бүкіл елмен бірге табыс пен қиындықтарды бастан кешкен әртүрлі ұрпақ өкілдері.
YouTube қолданушылары аталмыш сериалға түрлі пікір білдірерде: Қазақстанда киноиндустрия қарқынды дамып келе жатқанын, ал сериалда рөлге жақсы үйлескен шебер артистер түскенін атап өткен.
Бұрын-соңды болмаған премьералардың мінсіз маусымын «Хабар» телеарнасы таныстырды. Көрермен көзайымына айналған «Келінжан-3» сериалы рекордтық қаралым санын жинап, YouTube видеохостингі трендтеріне кірді.
Отбасылық құндылықтарды дәріптейтін сүйікті «Келінжан-3» комедиясының жалғасы барлығы 15 серия бойынша 26 миллионнан астам қаралым жинады. Тікелей көрсетілім (трансляция) барысында сериал YouTube трендтерінің алғашқы қатарларын тұрақты түрде ұстап тұрды. Қазақстандық отбасының өмірін әлемнің 50-ге жуық елі көріп отырды: сериал отандық көрермен қатар Қырғызстан, Ресей, Өзбекстандық көршілеріміз арасында да үлкен сұранысқа ие болды. Сонымен қатар, АҚШ, Моңғолия, Корея Республикасы, Түркия, Ұлыбритания және басқа да елдердің көрермендері де «Келінжан-3» жанұясымен бірге жылап, күліп отырды.
«Хабар» телеарнасындағы осы күздің тағы бір премьерасы – «Рауза» телехикаясы - YouTube-те 19 миллионнан астам рет қаралған. 40 елдің көрермендері сүйікті кейіпкерлеріне 5 миллион сағат бойы жанашырлық танытты, ал бұл 16 серияны көру уақытын құрайды.
«Хабар» телеарнасы жаңа премьералармен қуантуды жалғастыруда. Қазір көрермендер назарына қорықшының моральдық-адамгершілік құндылықтары мен қауіпті жұмысының қыр-сыры туралы баяндайтын «Қақпан» хикаясы ұсынылды.
Өз кезегінде YouTube қолданушылары көптеген оң пікірлер білдіріп, өздерінің сүйікті сериалдарын жалғастыруды сұрайды.
Айта кетейік, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Ел Президентінің ақпараттық контентті идеологиялық толықтыру жөніндегі өзекті тапсырмалары аясында отандық телеарналар белсенді шаралар қабылдауда.
Атап айтқанда, ағымдағы жылы тарихи бағыттағы сериалдық өнімдерді өндіру бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде, бұл аталған тақырыптың үлесін 30% - ға арттыруға мүмкіндік береді.