Қазақстандық танымал журналист өмірден өтті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1687

Танымал тележурналист Азат Рыстанбек дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол ұзақ жылдар бойы «Qazaqstan» телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында еңбек етіп, бірнеше сериялы деректі фильмдер мен арнайы репортаждар түсірді.

Азат Рыстанбектің соңғы жылдары «Qazaqstan» телеарнасынан шыққан Түркиядағы қандастар көшінің 70 жылдық тарихына арналған «Алтайдан Анадолыға» деректі фильмі, «Русафа: Маңызды миссия» арнайы жобасы, Германияның Бухенвальд және Цайтхайндағы әскери тұтқындарды жаппай қамау орындарынан дайындаған арнайы репортажы көрерменнің кең талқысына ие болды. Бұл жобалардың барлығы Корпорацияның «Алтын қорында» сақталады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын Серікзат Дүйсенғазы әлеуметтік желіде өмірден мезгілсіз өткен ұлына туралы жазба жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында көшелердің бірінде автокөлік өртенді. Қызмет орнына бара жатқан СОБР қызметкерлері...