Экс-министр жексенбі күні ғана қызметінен босаған, деп хабарлады Мadeniportal.kz Ulysmedia.kz с...
Астанада Ресейдің сұрауымен Украина азаматы ұсталды
Фото: gov.kz
319
Астана әуежайында Ресейдің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясындағы сұрауы бойынша Украина азаматы Любовь Рожанская ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы оның адвокаттары Алексей Прянишников пен Риза Нұрбаева DW басылымына мәлімдеген.
Рожанская 1 қазанда Ыстанбұлдан ұшып келіп, шекара бақылауынан өтіп жатқан кезде ұсталған.
Адвокат Риза Нұрбаеваның айтуынша, қазір Рожанская Астанадағы тергеу изоляторында отыр. Алдағы үш күн ішінде сот өтуі мүмкін. Қорғаушы оның Ресейге берілу ықтималдығы бар екенін айтады. Ресейде Рожанскаяға қатысты 2023 жылы бала ұрлау ісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.