“Қауіпті”: Жамбыл облысының екі тұрғыны жаға ұстататар әрекетке барған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2231

Астана қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Жамбыл облысының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Арнайы операция барысында күдіктілерден 270 килограмнан астам "марихуана" мен "гашиш" есірткісі тәркіленді. Олардың автокөліктерін тінту кезінде Макаров тапаншасы табылды. Алдын ала анықталғандай, тәркіленген қару Тараз қаласы аумағынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ қатарына жатады.

“Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі азаматтарды есірткі қылмысы мен қаруды заңсыз сақтау фактісі туралы хабарлауға шақырады”, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

 

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...