Қостанай облысында қылмыстық іс қозғалған депутат мандатынан айырылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
814

Қостанай облысында Жангелдин аудандық мәслихатының депутаты Амангелді Қожахметовке қатысты қылмыстық іс қозғалуына байланысты оның депутаттық мандаты тоқтатылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы «ТоболИнфо» жазды. Басылым мәліметінше, іс субсидия қаражатын алу фактілеріне байланысты тергеліп жатыр. Аудандық мәслихат төрайымы Анар Ержігітова жағдайға қатысты пікір білдіріп, депутаттың өкілеттігі тоқтатылғанын растады.

«Иә, ол аудандық мәслихат құрамынан шығарылды, енді бізде тоғыз депутат қалды», – деді ол. Амангелді Қожахметов VII және VIII шақырылымдарда депутат болған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, ол 1986 жылы 28 мамырда Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сага ауылында дүниеге келген. Әр жылдары сот жүйесінде, әкімдік аппаратында және халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеген. 2015 жылдан бастап «Ұлпа» ауыл шаруашылығы кооперативін құрып, оны басқарған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...