Қостанай облысында жоғалып кеткен балықшының жағдайы белгілі болды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2918

Қостанай облысында жоғалған балықшы көл жағасында ұйықтап жатқан жерінен табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, оқиға Әулиекөл ауданында Шиелі ауылының маңында болған. 1975 жылы туған ер адам қайықпен балыққа кетіп, қайта оралмаған. Оған алаңдаған жақындары полицейлерге жүгінуге мәжбүр болған.

Оқиға орнына аттанған іздеу тобы балықшыны көл жағасынан тапты. Ол ұйықтап жатқан, ал өміріне ешқандай қауіп төнбеген. Оған медициналық көмектің қажеті болған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

10 шілде күні Астанада Әділет партиясының III кезектен тыс съезі өтті. Съезге еліміздің түкпір-түкпі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы оқиға 2026 жылдың наурыз айында Астана маңындағы Жібек жолы ауылында болған, деп хабарлайды...